қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2022

Тау тұлғалы талантқа тағзым!

 

2022 жылдың 24 ақпанында Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Тау тұлғалы талантқа тағзым!» әдеби-сазды кеш өткізілді.

 

Әдеби-сазды кештің басты мақсаты ақын өмірімен, шығармашылығынан мәлімет бере отырып, қазақтың қара өлеңінің құдіреті болғанымен таныстыру және ақын шығармашылығын насихаттау.

 

Кеш барысында ақын шығармашылығына кеңінен тоқталып, өмірінен сыр шертер видео-роликтер көрсетілді.

 

Сонымен қатар, студенттер өз өнерлерін көрсетіп, күмбірлеген күй шертіп, әсем әндерін шырқап, ақын өлеңдерін оқып, поэзия әлеміне сыр шертті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу