«Тарихи құндылықтарды жаңа қырынан тану» семинары
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының ғылыми әдіс алмасу 2021-2022 жылдарға жасасқан меморандум негізінде кездесу ұйымдастырылды.
Осы жұмыс жоспары негізінде 2022 жылдың 25 ақпанында орта мектептің тарих пәні мұғалімдерін ғылыми ізденіске дайындау, тарихи жәдігерлермен таныстыру, ғалым жетекшілердің тікелей кеңесімен ақылдасу, ғылыми жұмыстар жүргізу, ҰБТ дайындықты жаңғырту мақсатында «Тарихи құндылықтарды жаңа қырынан тану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жұмысында Алматы облысы Панфилов ауданы, Қарасай ауданы орта мектептерінің тарихшы ұстаздары қатысты.
Кездесу қатысушылары Ғылым ордасындағы «Тарихи археологиялық мұражайындағы» мұрағаттармен танысып, ғылыми ізденіс жасауға жігерленіп қайтты. Болашақта орта мектеп ұстаздарымен және оқушыларымен «Әлем тарихы» кафедрасының өзара байланысы жоспарлы түрде жалғасын таба береді.