қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2022

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы

 

2022 жылдың 28 ақпанында Тарих және құқық институты, Студенттік өзін-өзі басқару ұйымына бастамасымен алғыс айту күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» іс-шарасын ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер Медеу ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы жылдары аянбай еңбек еткен бірнеше ардагердің шаңырақтарына барып, үй шаруасына көмектесті және ардагерлерге шағын сыйлықтар табыстап, домбырамен ән айтып, өз өнерлерін көрсетті.

 

Шараның негізгі мақсаты- ардагерлер мен жастарды байланыстыру, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, патриоттық тәрбиені нығайту және еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру.


Ардагерлер соғыс жылдарын еске алып, сұм соғыстағы өз көзімен көргендерімен бөлісті, өздерінің ақыл кеңестерін айтып, жастарға батасын берді

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу