қазақша · русский · english
 
 
 
04.04.2022

Тарих және құқық институтында «Ашық есік» күні өткізілді

 

2022 жыл 2 сәуір күні Тарих және құқық институтына Екібастұз қаласы Білім-инновация лицей-интернаты оқушылары келіп, институтта «Ашық есік» күні өткізілді. Шараға институт директоры, директор орынбасарлары және кафедра меңгерушілері қатысты.

 

Институт директоры А.М. Джунусов институт туралы мәліметтер беріп, оқушыларға сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Б. Асымова білім бағдарламалары туралы түсіндірсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б.Манапбаев әлеуметтік жеңілдіктер және әскери кафедра туралы мәліметтер беріп өтті.

 

Кафедра меңгерушілері Ж.Қ Симтиков, Рүстем Кәмшат кафедра мамандықтары туралы толық мағлұмат берді. Директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары М.М. Мұратқазин ҰБТ тапсыру ерекшеліктері университетке қабылдау ережелері, білім алу ерекшеліктері туралы толық ақпарат берді.

 

Шара соңында оқушылар аудиторияларды аралап, студенттік өзін өзі басқару ұйымымен танысып, Абай атындығы ҚазҰПУ-ға оқуға түсуге ниетті екендіктерін білдірді.

 

   




Кері оралу