«Марксизм ілімінің өткені мен болашағы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді
2022 жылдың 6 сәуірінде «Ғылым декадасы» аясында Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының профессоры Сутеева Ханзада мен аға оқытушы Көккөзова Гүлнұрдың ұйымдастыруымен «Тарих-география» мамандығы 2-курс студенттерімен «Марксизм ілімінің өткені мен болашағы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі К.М.Рустем, аға оқытушылар А.Э.Сбанбаева, М.Қасымов, Д.Мамырбаев қатысып өз пікірлерін білдірді.
Тәрбие сағатының мақсаты - оқушыларды XIX ғ. бірінші жартысындағы социализмдегі ағымдар, Еуропадағы ұсақ буржуазиялық социализм, утопиялық социализм, марксизмнің негізгі идеялары, 19 ғасырдың соңы - 20 ғасырдың басындағы социалистік ойдың көрнекті өкілдері, оның ішінде Германия, Франция және Ресейдің ойшылдарымен таныстыру. Сол кездегі атақты ғалым Г.В.Плеханов пен империализм дәуірінде марксизм ілімін дамытқан тұңғыш социалистік мемлекеттің негізін салушы В.И.Лениннің идеялары мен қызметіне ерекше көңіл бөлінді.