қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2022

«Жаксылық жасау өз қолыңда» концерті

 

Тарих-құқық институтының «Taspa» шығармашылық жастар ұйымы Алматы қаласы Арнайы білім беру орталығында «Жақсылық жасау өз қолыңда» шағын концерттік бағдарлама өткізді. Іс-шара мақсаты - оқушылардың жақсылық құндылығы туралы, «жақсы адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру сонымен қатар,жақсылықтың адам өміріндегі мәнін ұғындыру, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

 

Концерт барысында «Taspa» ұйымының өнерлі мүшелері әсем ән мен жан тебірентетін күй, көңілді көріністер арқылы оқушылардың көңілдерін көтерді. Жақсылық туралы сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларын білдірді.

 

Сонымен қатар, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратқазин, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев оқушыларға университет өмірі, тарихы жайында мәліметтер берді.

 

Шара соңында мектеп директоры Нұржан Искаков институт студенттеріне алғысын білдірді.

 

   

 




Кері оралу