қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2022

«Әділ заңдар құқықтық мемлекет дамуының көрсеткіші» вебинары


2022 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым онкүндігі аясында «Әділ заңдар - құқықтық мемлекет дамуының көрсеткіші» тақырыбында Тарих және құқық институтының студенттеріне арналған вебинар болып өтті. Вебинар «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Бақытқали Көшпенбетов және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Әлия Сералиева, сонымен қатар арнайы шақырылған қонағымыз Лестер университетінің заң ғылымдарының докторы (PhD) доцент, Еуразиялық технологиялық университетінің Адам құқықтарын, Инклюзия және азаматтық қоғамды зерттеу орталығының директоры Халида Әжіғұлованың қатысуымен өтті. Аталған шара жоғары деңгейінде, мазмұнды және қызықты болды, студенттер вебинар тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар алды.

 

   

 




Кері оралу