қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2022

«Этно стильдегі ашық сұхбат» кездесу


2022 жылғы 11 сәуір Тарих және құқық институты «TASPA» шығармашылық жастар ұйымы «Этно стильдегі ашық сұхбат» тақырыбында кездесу кешін өткізді.

 

Кездесу негізгі мақсаты - қазақ халқының ұлттық болмысы мен оның әр алуандылығын көрсету; еліміздегі кино әлемінде белгілі орнын қалыптастырған тұлғалармен сүбелі сұхбат жүргізу арқылы олардың қызықты оқиғаларын тыңдап, студенттердің көкейінде жүрген ең үздік сұрақтарға жауап алу болатын.


Кездесу қонағы ретінде танымал кино және театр актері Бахтияр Байсерік келді. Актермен ашық сұрақ-жауап айдары өтті, сондай-ақ студенттерде өз ой-пікірлерін айтып, болашақтағы мақсаттарымен бөлісті.


Кездесу мақсаты ұлттық стильді көрсету мен дәріптеу болғандықтан, талантты студенттерімізде өз өнерлерін ортаға салды. Айта кетсек, қазағымыздың қара домбырасы мен қобызының үні үйлескен күй пернелері төгіліп, жезтаңдай әнші қыздарымызда әнімен көрермендерді тамсандырды. Кездесу қонағына арнайы ұлттық тағамдардан дастархан жасалып, «қуыс үйден құр шықпа» демекші қонақ кәде берілді.


Шақырылған қонағымыз, білім ордасының қызметкерлері және көрермен ретінде келген суденттеріміз өткізілген іс-шара үшін өздерінің жылы ықыластарын білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу