Тарих және құқық факультеті |
16.04.2022
Мектеп оқушыларын ғылыммен таныстыру
Ғылым онкүндігінің онкүндігінде он мектепті аралап, «Тарих және руханият» тақырыбында дәрістер оқылды. Жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулудағы бұл жұмысқа Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары магистр Д.Ж.Мамырбаев пен Р.У.Сейітқазиев жауапты болды.
Бұл дәрістер ғылым мен білімнің алғашқы табалдырығы саналатын жалпы білім беретін мектептерде орта және жоғары сынып оқушыларының білімін терең меңгеру мақсатында жүргізілді.
Дәрістер барысында мектеп оқушыларына мамандық таңдаудағы ғылымның маңызы және адами капиталдың негізі болып табылатын білімнің қыр-сырлары туралы айтылды. Алматы қаласындағы №179 лицейде, №123 гимназияда, №201 гимназияда, сондай-ақ Алматы облысының Іле ауданында, №1, №9, №12,№ 42 мектептерде жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өтті. Қарасай өңіріне А.Байсалбаев пен Ж.Бәрібаев жауапты болды. Алтынсарин атындағы мектептерде де «Тарих және руханият» тақырыбында ашық дәрістер өткізілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|