қазақша · русский · english
 
 
 
21.04.2022

«Мамандық -болашаққа бастар жол» форумы

 

2022 жылдың 20 сәуірінде Абай университетінің Тарих және құқық, филология, педагогика және психология институттарының ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-интернатының 9-10-11 сынып оқушыларымен «Мамандық - болашаққа бастар жол» форумы өтті.


Доцент Молдасанов Ерсайын «Университеттің әлемдік нарықтағы орны», қауымдастырылған профессор Мұратказин Мұхтар «Еліміздің бас педагогикалық университеті», аға оқытушы Жанкушков Бауыржан «Мамандық таңдаудағы жеті қадам» тақырыптарында баяндама жасап, ҰБТ-2022, университеттегі әлеуметтік көмек, әскери кафедра, «Абай жүлдесі» халықаралық олимпиадасы, студенттік өмір туралы толық ақпараттар беріліп, түлектер мен олардың ата-аналарының сұрақтарына жауап берілді.


Сонымен қатар, жоғары санатты ұстаз Аятбекова Раукен, тарих пәнінің мұғалімі Өмірзақова Мейрамгүл, ұйымдастырушы-аспирант Төребек Әлия және мектеп директоры Қасымбекова Ләззат «Біз ҚазҰПУ түлектеріміз» тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Олар Басқарма төрағасы - ректор Д.Н.Біләловтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу