қазақша · русский · english
 
 
 
21.04.2022

«Мамандық таңдау маңызды іс»  Ашық есік күні


2022 жылдың 20 сәуірінде Абай университеті Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау маңызды іс» тақырыбында Ашық есік күні өткізілді.

 

Ашық есік күніне Алматы қаласының №12 мектеп-гимназия,№178 мектеп-лицей, №102 орта мектеп, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей, №109ЖББМ, №136 гимназия, №177 орта мектептерінен Тарих және құқық институты мамандықтарына тапсырғысы келетін бітіруші түлектері қатысты. Мектеп түлектерін институттың белсенді студенттері күмбірлеген күйменен қарсы алып, институттағы студенттік ұйымдармен таныстырды.

 

Іс-шара барысында институт директоры А.М.Джунусов университетінің алғаш құрылғанынан бастап қазірге дейінгі қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды және кафедра меңгерушілері мен Ашық есік күнін ұйымдастырып жүрген профессор-оқытушыларымен таныстырды.

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Б. Асымова білім бағдарламалары туралы түсіндірсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Б.Манапбаев әлеуметтік жеңілдіктер және әскери кафедра туралы мәліметтер беріп өтті.

 

Кафедра меңгерушілері Ж.Қ Симтиков, К.М.Рүстем және профессор-оқытушылар Х.А.Сутеева, Д.У.Құсайынов, Н.Б.Калкаева, Е.А.Жалмағамбетов, Р.У.Сейтказиев, М.С.Қасымов, Д.Ж.Мамырбаев кафедра мамандықтары туралы толық мағлұмат берді. Директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары М.М.Мұратқазин ҰБТ тапсыру ерекшеліктері университетке қабылдау ережелері, білім алу ерекшеліктері туралы түсіндіріп өтті.

 

Шара соңында талапкерлер түрлі сұрақтар қойып, өздеріне қажетті жауаптарын алды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу