қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2022

«Этносаясаттың өзекті мәселелері мен перспективалары»

 

2022 жылдың 22 сәуірінде Тарих және құқық институты cаясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Жазира Қуанышбаева және Куралай Кантаеваның ұйымдастыруымен 3 курс «Дінтану-саясат» мамандығының студенттері «Этносаясаттың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбында Тарих және құқық институтының студенттеріне антиконференция өткізді. Бұл формат дәстүрлі форматқа мүлдем қарама-қайшы: нақты кесте мен сценарий жоқ, қатысушылардың барлығы спикер бола алады. Шарада этносаясат мәселелері туралы пайдалы деректерге шолу жасалынып, әлемдік этносаясаттың перспективалары туралы пікірталас ұйымдастырылды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылармен тақырыпты ашу мақсатында қызықты ойындар жүргізіліп, аталған мәселенің қоғамдық өзектілігі жан-жақты талқыланды.

 

   

 

   




Кері оралу