қазақша · русский · english
 
 
 
25.04.2022

Бақбергенова Жамила еркін күрестен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды


Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Бақбергенова Жамила әйелдер арасындағы еркін күрестен спорттық мансабында екінші рет Азия чемпионатында топ жарды.

 

Студентіміз 72 келі салмақ дәрежесінде Моңғолия астанасы Ұлан-баторда «Дөңгелек айналым» жүйесі бойынша жергілікті Даваанасан Энк Амар, өзбекстандық Светлана Окназарова, үндістандық Никки Никки және жапон қызы Сумир Ниикуралармен белдесіп, барлығынан басым түсіп, бас жүлдені ұтып алды.

 

2022 жылғы 25 сәуірде Тарих және құқық институтының директорат өкілдері, жастар комитеті және институт студенттері Жамила Бақбергенованы аэропорттан қарсы алып, университет ұжымының құттықтауын жеткізді.

 

Азия чемпионатында топ жарған Бақбергенова Жамиланы жоғары нәтижесімен құттықтаймыз!

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу