Тарих және құқық факультеті |
03.05.2022
Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасы қонақ дәрістерін ұйымдастырды
2022 жылғы 28 сәуірде Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасы жаңа білім беру өнімдерін енгізу шеңберінде әріптес ұйым - Ташкент мемлекеттік заң университетімен бірлесіп Институттың оқытушылары мен білім алушылары үшін қонақ дәрістерін ұйымдастырды. Қонақ дәрістері халықаралық және ұлттық құқық деңгейінде адам құқықтарын қорғаудың өзекті тақырыптарын қамтыды. Өзбекстан Республикасының Құқық саласындағы мамандарының қонақ дәрістерінің көктемгі раундын кафедра профессоры Б. А. Тайторина ұйымдастырды.
Ташкент мемлекеттік Заң университетінің «Халықаралық құқық және адам құқықтары» кафедрасының профессоры А.З. Мұхамеджановтың «Конституциялық Сот төрелігі: шет елдердің тәжірибесі (еуропалық, американдық, азиялық модельдер)» тақырыбындағы қонақ дәрісі аудиторияның қызығушылығын тудырды. Студенттер мен магистранттардың көптеген сұрақтары Қазақстан, Өзбекстан және әлемнің басқа елдеріндегі конституциялық реформалардың заманауи мәселелерінің парадигмасындағы Конституциялық сот төрелігінің өзекті мәселелеріне қатысты болды. Ташкент мемлекеттік Заң университетінің «Халықаралық құқық және адам құқықтары» кафедрасының оқытушысы У.А. Шерханованың «Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және конституциялық негіздері» тақырыбындағы қонақ дәрісі адам құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктері туралы ақпаратқа толы болды және дәріскердің тақырыбы студенттердің пікірталасына ұласты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|