қазақша · русский · english
 
 
 
22.06.2022

Тарих және құқық докторанттары шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті

 

Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының «8D03102-Мәдениеттану» мамандығының 2 курс докторанттары: Абдуразакова Гаухар Абдикаримовна, Маткерим Дана Адильханқызы және «8D03101- Әлеументтану» мамандығының 2 курс докторанты Тастанова Асем Даулетқызы 2022 жылдың 20 мамыр -20 маусым аралығында Түркия, Анкара қаласы,Анкара университеті,Теология факультеті, Дін социологиясы кафедрасының Ph.D. профессоры Али Рафет Озканның (Prof. Dr. Ali Rafet ÖZKAN) жетекшілігімен ғылыми тағлымдамадан өтті.


Ғылыми-зерттеу жұмыстарының аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және Теология факультетінің деканы Ph.D. профессор Шамиль Дағжы (Prof. Dr. Şamil DAĞCI), Дін социологиясы кафедрасының меңгерушісі Ph.D. профессор Ниазы Акюз (Prof. Dr. Niyazi AKYÜZ) мырзалармен пікір алмасып, докторлық диссертациялары бойынша ақпараттар алды.


Ғылыми тағылымдамадан өту барысында докторанттар Анкара қаласы, Хаджеттепе университеті, Әдебиет факультеті, Халық білімдері кафедрасының меңгерушісі Ph.D. профессор Антрополог ғалымӨзгүл Чобаноғлымен (Prof. Dr. Özkul COBANOGLU) кездесіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының аясында өзара пікір және тәжірибе алмасты.


Маусым айының 8-10 аралығында Түркия Республикасы Чанкыры қаласы, Чанкыры Каратекин Университеті және Түрксой, Түркология институтының ұйымдастыруымен «I Халықаралық Түркологиялық Конгресс» өтті. 3 күнге жалғасқан бұл үлкен шараға Корея, Албания, Кипр, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркменстан, Ресей/Хакасия, Түркия мен Қазақстан мемлекеттерінен ғалымдар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институтының докторанттары: Абдуразакова Гаухар, Маткерим Дана және Тастанова Асем «Білге Қаған» секциясында өз зерттеулерімен бөлісті. Зерттеулерге шетелдік әріптестер тарапынан үлкен қызығушылық танытылды, тақырыптар бойынша жоғары деңгейдегі дискуссия өтті. Түркі мемлекеттерінің интеграциясы мен мәдени байланыстарды одан әрі дамыту талқыланды.


Іс-шара бағдарламасының соңына Түркияның Чанкыры қаласының жергілікті мәдени-тарихи мұражайларды аралау енгізілді.


Докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарының аясында Анкара қаласындағы Ұлттық кітапхана және университет кітапхана қорымен танысты. Ph.D. профессоры Али Рафет Озканның (Prof. Dr. Ali Rafet ÖZKAN) жетекшілігімен ғылыми мақала жазылды.


Ғылыми-зерттеу жұмыстарының аясында докторанттар ғылыми тағылымдамадан ойдағыдай өтіп келді.

 

  alt= 

  alt= 




Кері оралу