қазақша · русский · english
 
 
 
07.10.2022

Мейірімділік акциясы

 

2022 жылдың 7 қазанында Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы Дидар Мамырбаев қарттар күніне орай «Мейірім шуағы» іс-шара ұйымдастырды.


Алматы қаласында орналасқан «Почетный возраст» қарттар үйіне 4 курс «6В01602 Тарих-Дінтану» және 2 курс «6В02209-Тарих-География» мамандықтарының студенттері зор ықласпен барды. Кездесуде студенттер қарияларға сыйлықтарын ұсынып, өнерлерін көрсетті. Студенттер домбыра мен гитара тартып, қариялармен қосыла ән шырқады. Студенттер үлкен кісілерге қызмет, жасап баталарын алды. Аталған іс-шара нәтижелі аяқталды.

 

  alt=  




Кері оралу