қазақша · русский · english
 
 
 
01.11.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің комплаенс-офицерімен кездесу


2022 жылғы 28 қазан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметінің комплеанс-офицері Қамбар Усиповпен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпе және Адалдық кодексі» тақырыбында жиын өткізілді.

 

Кездесуге Тарих және құқық институтының топ жетекшілері, белсенді студенттер, институт директоры Ғабит Кенжебаев, институт директорының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов және эдвайзерлер қатысты. Қамбар Усиповтың баяндамасынан кейін, студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісті мазмұнды жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу