қазақша · русский · english
 
 
 
08.11.2022

Батыс Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: жаңа деректер мен зерттеу ұстанымдары

 

2022 жылдың 4 қарашасында Атырау облыстық әкімдігі, Халықаралық қазақ тіл қоғамы және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: жаңа деректер мен зерттеу ұстанымдары» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.


Аталған Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық инстиутының Әлем тарихы кафедрасының профессоры Болат Жұмағұлов қатысып, пленарлық мәжілісте «XX ғасырддың 20-30 жылдарындағы халық наразылығы мен көтерілістерінің ортақ ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады және «EYRAZIIA ENDIGINDE» 50 минуттық телебағдарламаға қатысып, сұхбат берді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу