қазақша · русский · english
 
 
 
10.11.2022

17 қараша - Бүкіләлемдік философия күні!


ЮНЕСКО шешімі бойынша Бүкіләлемдік философия күні 2002 жылдан бері қарашаның әрбір үшінші бейсенбісі атап өтіліп келеді. Бүкіләлемдік философия күніне орай 2022 жылдың 9 қарашасында Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы және «Нұрдеканат» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының бірлесе отырып ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр философиясы: Философияның өзекті мәселелері» тақырыбында еркін форматта Философиялық апталықтың ашылу салтанаты өтті.


Апталықтың ашылу салтанатына институттың профессор-оқытушылары, студенттер және институт директорының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов қатысты. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы меңгерушісі Жомарт Симтиков өзінің ізгі тілегімен апталықты аша отырып, студенттерге апталықтың жоғарғы деңгейде өтуіне сәттілік тіледі және Бүкіләлемдік философия күнімен еліміздің және әлемдік қоғамдастықтың барлық философтарын, философия мамандығының студенттерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Білім мен пікір алмасуға негізделген апталықтың негізгі мақсаты философтар күнін институт көлемінде жоғарғы деңгейде атап өту және білімгерлерді барынша тарту.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу