қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2022

Сайлау - бұл патриотизм мен демократияның шынайы әрекеті


2022 жылдың 14 қарашасында Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Ж.Ж. Куанышбаева 4 курс «6В02203-Дінтану және саясат» мамандығының студенттері арысында келе жатқан Президенттік сайлауға белсене қатысудың маңыздылығын айқындау мақсатында «Сайлау - бұл патриотизм мен демократияның шынайы әрекеті» тақырыбында оқу-танымдық іс-шара өткізді.


Студенттер іс шараға атсалыса отырып, өз араларында сайлауға үміткер ретінде өз кандиатураларын ұсынып, жұрт алдында сөйлеу, саяси имидж жасау, қалыптастыру сияқты біліктіліктерді меңгере білді. Сонымен қатар, еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар бағыты өзгеруге, жақсартуға, ең бастысы - адамдарды елдің қоғамдық-саяси өміріне тартуға бағытталғандығын айқындады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу