қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2022

Посткеңестік кеңістік елдерінің ұлттық құқық жүйелері және оларды жетілдіру жолдары

 

2022 жылғы 16 қарашада Абай университетінде Тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасы телекөпір режимінде «Посткеңестік кеңістік елдерінің ұлттық құқық жүйелері: Заманауи трансформациялық модельдер және оларды жетілдіру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.


Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ташкент мемлекеттік заң университеті мен Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің ғалымдары қатысты. Конференцияны Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев ашты.


Конференция барысында конституциялық құқықтың, қылмыстық құқық пен процестің, сайлау құқығының, авторлық құқықтың, салық заңнамасының өзекті мәселелері талқыланды. Құқықтану кафедрасы Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің ғалымдарына, факультет деканы С. Е. Чебурановаға, доцент Л. Я. Абрамчикке, доцент И.А. Моисееваға, доцент В.С. Соркинге, Ташкент мемлекеттік заң университетінің әріптестеріміз профессор О. З. Мұхамеджановқа, профессор Ш. А. Хужаевқа, профессор И. Т. Тультеевке, профессор Х. М. Абзаловаға алғыс білдіре отырып, болашақта бірлескен ғылыми жетістіктер тілейді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу