қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2022

Менің дауысым - менің болашағым!


2022 жылғы 16 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тарих факультетінің ұйымдастыруымен «Менің дауысым - менің болашағым!» тақырыбында Алматы қаласындағы білімгерлердің форумы өтті.


Форумның мақсаты - жастарды қоғамдық өмірге тарту және алдағы сайлауға белсенді түрде атсалысуға шақыру. Форумға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚазҰҚПУ, Сатпаев университетінің және Абай университетінің студенттері қатысты. Қатысушылар «Жастардың сайлауға қатысу белсенділігін көтерудегі әдістер мен формалар» тақырыбында 3-4 минуттық баяндама жасап, өзара пікірталас жүргізді. Форумға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтынан 11 студент қатысты. «6B01602-Тарих және дінтану» мамандығының 1 курс студенті Алишер Узканов мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар, «6B01606-Тарих-география» мамандығының 1 курс студенттері Есәлі Досқожа, Аслан Дүйсенбай пікірталаста ерекше белсенділік көрсетті. «Менің дауысым - менің болашағым!» форумына «6B01602-Тарих және дінтану» мамандығының 2 курс студенті «Нұрдеканат» студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Нұрсерік Қуанышбаев жетекшілік жасап, ұйымдастырып апарды.


Форумға қатысқан студенттерге алғысымыз шексіз! Қатысқан студенттер: Нұрсерік Қуанышбаев (6B01602-Тарих және дінтану, 2 курс); Алишер Узканов (6B01602-Тарих және дінтану, 1 курс); Есәлі Досқожа (6B01606-Тарих-география, 1 курс); Аслан Дуйсенбай - (6B01606-Тарих-география, 1 курс); Абдухалық Сүлейменқұлов (6B01601-Тарих, 1 курс); Аяулым Елемес (6B01601-Тарих, 1 курс); Ақбота Қалдыбек (6B01606-Тарих-география, 1 курс); Айдана Қасымжан (6B01604-Тарих және құқық негіздері, 1 курс); Жансая Садықбек (6B01604-Тарих және құқық негіздері, 1 курс); Гүлдана Узбекбай (6B01604-Тарих және құқық негіздері, 1 курс); Сержан Қойбағаров (6B01601-Тарих, 2 курс).

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу