қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2022

«Екінші Республика: өткеннің тағылымы, болашақтың тұғырнамасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференция


2022 жылдың 2 желтоқсанында Тарих және құқық институтында «Екінші Республика: өткеннің тағылымы, болашақтың тұғырнамасы» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуы өтті.


Іс-шараны университетіміздің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев ашты. Аталмыш конференцияға алыс және шетел (Германия, Түркия, Өзбекстан) ғалымдары, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп қатысты. Іс-шара барысында отандық және шетелдік ғалымдар жаңа идеяларымен бөлісті. Спикерлер Қазақстанның өткені мен болашағы туралы мазмұнды баяндамалар жасап, жаңа саяси реформалар туралы пікірлерін алға тартты. Конференцияның модераторларының бірі саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.Симтиков болды. Халықаралық конференцияға саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.

 




Кері оралу