қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2022

Фрайбург және Гейдельберг университеттерінің (Германия) профессоры Рейнхард Хессенің дәрістері мен семинарлары

 

2022 жылдың 23 қарашасы және 07 желтоқсан күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының шақыртуымен Фрайбург және Гейдельберг университеттерінің құрметті профессоры Рейнхард Хессе тәжірибе алмасу мақсатында «Германия және Қазақстан: тарихы, өткені мен бүгіні» тақырыбында дәрістер мен семинар курсын өтті. Курстың мақсаты - білім беру қызметі саласындағы кәсіби құзіреттілікті дамыта отырып, жаңашыл технологиялар мен озық үлгідегі сабақ беру әдістерін меңгеру.


Курс аяғында профессор Рейнхард Хессе университет ректоры Дархан Біләловтың қабылдауында болып, ұжым атынан және ректор тарапынан алғыс хат табысталды.


Дәрістер мен семинарлар курсының нәтижесінде профессор Х.Рейнхардтың «Екі Еврей досының тағдыры» атты кітабының тұсау кесері болып, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларына сертификаттар табысталды.


2 апталық курс барысында, қатысушылар ғалымға көкейінде жүрген, жаңа деректерге қатысты туындаған сұрақтарын қойып, өз ойларымен толықтырды.

 

Профессор Х.Рейнхардтың біліктілікті көтеру курсы сәтті өтіп, тыңдаушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу