қазақша · русский · english
 
 
 
21.12.2022

Абай университетінің профессоры еліміздің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін марапатталды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының профессоры Болат Жұмағұлов Елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық конференцияға қатысып, пленарлық отырыста «Жаңарған Қазақстан - елімізді жарқын болашаққа бастайтын жол» тақырыбында баяндама жасады және конкурс жеңімпаздарына марапаттарды тапсыру құрметіне ие болды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған Жұмағұлов Болат Сағидоллұлы қоғамға қосқан айрықша еңбегі үшін «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» төсбелгісімен марапатталды және куәлік алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу