қазақша · русский · english
 
 
 
28.12.2022

Түркиядағы халықаралық конференция

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының докторанты Мэлс Алиев және жас ізденуші ғалым Қанат Жайлаубаев İLMAR (Ілім мен зерттеу орталығы) мен Түркияның Кыршеһир Ахи Евран университеті тарапынан ұйымдастырылған «Таухидтік түсінік аясында ғылым мен білімді қайта қараудың халықаралық кеңесі» халықаралық конференциясына қатысты. Конференцияға Ыстанбұл университетінен профессоры Ахмет Табакаоғлы, Анкара университетінен профессор Сейфеттин Ершахин, Байрам Вели университетінен профессор Касым Сарыкавак, профессор Осман Шимшек, Гази университетінен профессор Мұстафа Иел, Кыршеһир Ахи Евран университетінен профессор Ахмет Ари секілді ғалымдар қатысты. Конференцияның жеті отырысының нәтижесі бойынша қорытынды жасалып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

  alt=




Кері оралу