қазақша · русский · english
 
 
 
28.12.2022

Жылдың үздік студенті

 

Тарих және құқық институтының «Тарих-дінтану» мамандығының 3 курс студенті Асқар Жубандыков «Жылдың үздік студенті» республикалық байқауға қатысып, жүлделі орынға ие болды.


Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын еліміздің жастары арасында насихаттау мақсатында шығармашылық байқауды «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

 

Асқар Жубандыковтың ғылыми жұмысына жетекшілік жасаған еліміздің білім мен ғылымының дамуына үлес қосып келе жатқан тәжірибелі тәлімгер-ғалым, Әлем тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айткүл Махаева да Алғыс хатпен марапатталды.

 

  alt=




Кері оралу