қазақша · русский · english
 
 
 
28.12.2022

Қазақ ғалымының кітабы қырғыз тілінде жарық көрді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасының профессоры Айткүл Махаеваның «Казак-кыргыз тарыхынан (XVIII кылымдын экинчи жарымы - XX кылымдын башы)» кітабының екінші басылымы Бішкек қаласында қырғыз тілінде жарық көрді. «Принт-экспресс» баспасынан шыққан, 400 беттен тұратын көлемді монография бауырлас екі халықтың - қазақ пен қырғыздың XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі өзара байланыстары тарихына арналған.

 

Оқырман қауымға жол тартқан Айткүл Махаеваның монографиясының екінші басылымы да тағдырлас, бауырлас қазақ-қырғыз тарихын зерттеушілерге тың ой тастаумен қатар түркі халықтары ғалымдарының өзара шығармашылық байланысын нығайта түсуге де септігін тигізері анық.

 

  alt=




Кері оралу