қазақша · русский · english
 
 
 
30.12.2022

ХIV Қасымбаев оқулары аясындағы қазіргі зерттеулердегі Қазақстан тарихы

 

2022 жылдың 27 желтоқсанында Тарих және құқық институты академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «ХІV Қасымбаев оқулары» аясында «Қазақстан тарихы: қазіргі зерттеулердегі тың деректер мен пайымдаулар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.


Конференция жұмысы «XVIII-XX ғғ. басындағы Қазақстан тарихы мәселелерінің профессор Ж.Қ. Қасымбаев еңбектеріндегі зерттелуі: сабақтастығы мен өзектілігі», «Қазіргі тарих ғылымы: жаңа көзқарастар, идеялар, зерттеу әдістері», «Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдер» сынды мәселелер аясында жүргізілді.


Іс-шараны Тарих және құқық институтының директоры Ғабит Кенжебаев ашып, кіріспе сөзін баяндады. Конференция барысында ҚР ҰҒА Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов ҚР ҒЖБМ гранттық тақырыптары аясында жарық көрген кітаптардың тұсау кесерін өткізді. «Айтылған тарих» Ғылыми зерттеу орталығының директоры Забира Мырзатаева Академик Мәмбек Қойгелдиев басшылығымен 2012-2022 жылдар аралығында «Айтылған тарих» Ғылыми лабораториясының шығарған кітаптарын таныстырды.


Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша ғылыми жетекшісі доцент Теңлік Далаеваның ЖТН AP08857194 «XIX - XXI ғ.ғ. басындағы қазақстандық бейнелердің тарихы мен визуалды антропологиясы: эволюциясы мен субъектінің қалыптасуы» тақырыбында шыққан кітаптар таныстырылымы өтті.


Конференция барысында Түркияның Хаджеттепе университетінің профессоры Озкул Чабаноглы, Өзбекстанның Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары Шоирахан Қамбарова, Кахрамон Бахриддинов, Кахрамон Каримов баяндамаларын жасады. Кафедраның профессор-оқытушылары мен тарихшының шәкірттері сөз сөйлеп, қызықты естеліктермен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу