Тарих және құқық факультеті |
31.01.2023
XIX - XXI ғғ. басында қазақстандық бейнелердің тарихы мен визуалды антропологиясы туралы кітаптар жарық көрді
ЖТН AP08857194 «XIX - XXI ғғ. басында қазақстандық бейнелердің тарихы мен визуалды антропологиясы: эволюциясы мен субъектінің қалыптасуы» ғылыми жобасы бойынша кітаптар жарық көрді (2020-2022 жж.).
Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР ҒЖБМ ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша 2020-2022 жылдары ЖТН AP08857194 «XIX - XXI ғғ. басында қазақстандық бейнелердің тарихы мен визуалды антропологиясы: эволюциясы мен субъектінің қалыптасуы» ғылыми жоба іске асырылды (ғылыми жетекшісі - Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының профессоры Т.Т.Далаева).
Зерттеу тобының жұмысының нәтижесінде: «Визуальная антропология новой социальной истории Казахстана XIX - нач. XX вв.» монографиясы және «Визуальная антропология образов казахстанской культуры XX-XXI вв.» оқу құралы жарық көрді.
Кітаптардың жарыққа шығуы тарихи зерттеулерде аудио-визуалды деректерді(суреттер, фото, кино, теле және радиохабарлар, бейнелер және т.б.) пайдаланудың теориялық және қолданбалы аспектілерін жалпылау қажеттілігімен, сондай-ақ Қазақстан материалдары негізіндегі визуалды антропология бойынша оқу әдебиеттеріне деген сұраныспен байланысты.
Абай университеті жанынан визуалды антропологияның виртуалды зертханасын құру жоба нәтижелерін тиімді енгізудің маңызды қадамы болды. Жаңа және қазіргі Қазақстан тарихы бойынша аудио-визуалды дереккөздерді зерделеу және талдау жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|