қазақша · русский · english
 
 
 
10.02.2023

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша семинар

 

2023 жылдың 8 ақпанында Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары Дидар Мамырбаев мен Түсіпхан Имаммәди «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша Алматы қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту» семинарына қатысты.


Семинар барысында Алматы қаласы Діни істер басқармасының басшылары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы дайындық орталығының спикерлері және еліміздің белгілі қайраткерлері аталған іс-шараға байланысты маңызды ақпараттармен бөлісіп, жастарды жалпы халықпен жұмыс істеу әдістеріне, түрлі секталар мен ағымдардың адептерімен жұмыс істеу тәсілдерін үйретті. Еліміздің тыныштығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған семинар жоғары деңгейде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу