қазақша · русский · english
 
 
 
15.02.2023

Абай университеті оқытушысы - балалардың құқықтарын қорғау жобасының жетекшісі


«Жас ғалым» жобасы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландырудың иегері, Абай университеті Тарих және құқық институтының аға оқытушысы Гакку Рахимова еліміз үшін өте маңызды «Қазақстандағы білім беруді құқықтық реттеу мәселелерін, балалардың құқықтарын қорғау жүйесін зерттеу» жобасын басқарады. Ғылыми кеңесші - заң ғылымдарының докторы, профессор Жанна Хамзина.


Жобаның мақсаты - Қазақстанда білім беруді құқықтық реттеу тетіктерін, балалардың құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыру, ғылыми негіздеу және нақтылау, сондай-ақ тақырып бойынша ұлттық және шетелдік заңнаманы салыстырмалы-құқықтық зерттеу жүргізу.


Г.Н. Рахимова - жас талантты және болашағы зор ғалым. Оның ғылыми қызметінің басым бағыты - әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер.

 

  alt=




Кері оралу