қазақша · русский · english
 
 
 
17.02.2023

Абай университетінің оқытушысы - ХХ-ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы отбасының визуалды тарихы бойынша жобаның жетекшісі

 


 

«Жас Ғалым» жобасы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру иегері, Абай университетінің Тарих және құқық институты академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Дария Асымова қоғам үшін өте өзекті «ХХ-ХХІ ғасырдың отбасы тарихының ретроспективасы: Қазақстандағы дәстүрлер мен модернизмнің визуалды болмысы» жобасының жетекшісі. Ғылыми кеңесшісі - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тенлик Далаева.


Жобаның мақсаты - әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қазіргі отбасындағы дәстүрлер мен модернизмнің үйлесімін микротарих тұрғысынан, қазақ отбасының өмір салтын ХХ-ХХІ ғасырлардағы көрнекі дереккөздерге сүйене отырып зерттеу, отбасылық әдет-ғұрыптарды өзгертудің тарихи жолдарын және олардың мәнін, үйдегі материалдық ортаның бірлігін, отбасы мүшелерінің іс-әрекеті мен тұлғааралық қатынастарын зерттеу.


Д. Асымова - болашағы зор жас ғалым. Оның ғылыми қызметінің басым бағыты - әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер.

 




Кері оралу