қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2023

Діни сауаттылық дегеніміз не?

 

2023 жылдың 17 ақпанында Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары магистр Руслан Сейтқазиев және Дидар Мамырбаев Алматы облысы, Іле ауданы білім бөлімінің Байсерке ауылы №9 орта мектебінде аудандық семинарға қатысты.


Іле ауданы білім бөлімі, Тәрбие саласының ұйымдастырған іс-шарасына аудан мектептерінің тәрбие ісі меңгерушілері қатысты. Семинар тақырыбы: «Діни сауаттылық дегеніміз не?» деген атаумен өтті. Семинар барысында №9 орта мектеп мұғалімдері ашық тәрбие сабақтарын өткізді. Семинар бағдарламасы бойынша Руслан Өмірғазыұлы «Діни сауаттылық - қоғам талқысында» тақырыбында шеберлік сынып көрсетті. «Дін мен зайырлылық қоғам талқысы» тақырыбында дінтанушы, теолог, тарихшы мамандармен кездесу болды. Кездесуге Дидар Мамырбаев, Руслан Сейтқазиев, Алматы облысы, «Діни мәселелерді зерттеу орталығының» бөлім басшысы Бауыржан Темен қатысты. Шара барысы сұрақ жауап арқылы өрбіді. Жиын қорытындысы шығарылып, алдағы уақытта мұндай шараларды жиі өткізу қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Семинар жоғары деңгейде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу