қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2023

«Қожеке Назарұлының тарихи-заманалық тұлғасы» халықаралық ғылыми-практикалық Алқасөз

 

2023 жылғы 4 сәуірде Алматы қаласында «Қожеке Назарұлының тарихи-заманалық тұлғасы» халықаралық ғылыми-практикалық Алқасөз өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық Алқасөз өткізудің мақсаты - Қожеке Назарұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты өзекті мәселелерді талқылау.

 

Талқылау барысында қазақтың XIX ғасырдағы күй өнерін биікке көтерген күйші және отарлау саясатына қарсы шыққан батыр Қожекенің тарихи тұлға ретіндегі болмысын анықтау; өміріне қатысты деректерді нақтылау; Қожеке Назарұлының туғанына 200 жыл толуын атап өту шараларына қатысты ұсыныстарды айқындау; осы мәселелер бойынша Қарар қабылдау болатын.

 

Халықаралық ғылыми-практикалық Алқасөз жұмысын ұйымдастыруға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары атсалысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу