Тарих және құқық факультеті |
10.04.2023
«Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
2023 жылғы 7 сәуірде «Ғылым онкүндігі-2023» аясында Абай университетінің Тарих және құқық институтында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №ИРН А09259623 «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» ғылыми жобасының ауқымында «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушы құрамы мен республикаға белгілі басқа да ғалымдар қатысты.
Конференцияны құттықтау сөзбен ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың стратегия,цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры А.Т. Құлсариева аймақтар тарихын әлемдік тарихи үрдістер ауқымында қарастыра отырып, зерттеу мәселесі отандық тарихшылардың алдына қойылған басты міндеттердің бірі екендігіне назар аударта келе, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен әріптестік байланыстарының жақсы жолға қойылғанын, алдағы уақытта да бұл бағыттағы ынтымақтастықты арттыра беретіндіктеріне сенім артты. Сөз алған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры С.Н.Идрисов та бүгінде екі университетті тығыз байланыстырып отырған ғылыми ынтымақтастықтың даму болашағының зор екеніне тоқтала келе, Атырау аймағының тарихының мәселелері қозғалатын конференция жұмысына зор табыстар тіледі. Конференция жұмысының басталуымен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е.Қабылдинов, университеттің Тарих және құық институтының директоры Ғ.Қ. Кенжебаевтар да құттықтап, шынайы тілектерін білдірді.
Ғылыми жиынға таяу және алыс шетелдердегі ғалымдар да қосылды. Атап айтқанда, Қаратеке университетінің профессоры Гүлнар Қара (Түркия) Сарайшық қаласына қатысты түрік ғалымдарының кейінгі кездегі зерттеулеріне, Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Шоирахон Қамбарова (Өзбекстан) ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Атырау аймағының көршілес елдермен қарым-қатынасын қазақ-қарақалпақ байланыстары мысалында ашып көрсетті.
Конференция жұмысына университеттің профессор-оқытушылар құрамы да белсене атсалысты. Профессор Ғ.Қ. Халидуллин ежелгі дәуірден ХVІІІ ғасырға дейінгі Солтүстік Каспий өңірінің зерттелуінің теориялық-методологиялық негіздеріне жүйелі түрде талдау жасаса, профессор Х.А. Сутеева Батыс Қазақстанға тартылған қытай инвестициясының біздің экономикадағы маңызына қазіргі зерттеулер негізінде сараптама береді. Ал аймақтың күнделікті өмірінің тарихы мен Батыс Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған хан ұрпақтары туралы, сондай-ақ аса құнды археологиялық материалдар мен өзіндік ой-түйіндеулерімен бөліскен ғалымдар Е.Ермұқанов, Д.Салқынбек, Е.Хайдаров, Т.Мамировтардың баяндамалары көпшіліктің қатты қызығушылығын туғызды. Университеттің жас ғалымдары Е.Жалмағамбетов пен К.Таспулатовалар да аймақтанудағы қала тарихының алар орны мен қазақстандық патриотизм поблемаларына кеңінен тоқталып өтті. Конференцияны «Көне заманнан бүгінге дейінгі Атырау облысының тарихы» ғылыми жобасының жетекшісі, профессор Б.С.Жұмағұлов түйіндей келе, ғылыми басқосуда көтеріліп отырған тақырыптардың аса өзектілігіне, әлі де жеткілікті деңгейде қолға алынбай жатқан аспектілеріне айрықша көңіл аудартып,көпшілік қауымға белсене қатынасқандары үшін өз ризашылығын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|