қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2023

Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының Ашық есік күндері

 

2023 жылғы 11 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Тарих және құқық институты академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан тарихы кафедрасының Ашық есік күндері» іс-шарасына Алматы қаласының мептеп оқушыларымен онлайн-кездесу өтті. Кездесу барысында кафедра туралы ақпаратты тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы Шолпан Нұрман таныстырды. Кафедра меңгерушісі Б.О.Жангуттин, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Т.М.Байсалбаева, Е.Н.Ермуканов, Ш.Т.Нұрман, Е.А.Жалмагамбетов кафедраның білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Сонымен қатар, онлайн-кездесуге Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының ғылым хатшысы, PhD доктор Асемгүл Қасенова қатысып, «Тарих және археология» білім беру бағдарламасы туралы ақпарат берді. Өз кезегінде Алматы қаласының №152 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Ақылбекова қатысып, қазіргі таңдағы орта білім беру саласындағы өзгерістер туралы айтты. «Ашық есік күні» онлайн іс-шарасына «7M01603-Тарих: тарих біліміндегі цифрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс магистранттары Айдана Идрисова, Талшын Бақытжанқызы, Самал Ахметова өздерінің университеттегі өмірінің қызықты сәттерімен бөлісті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу