қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2023

«Жерұйық» командасы студенттік олимпиадада үздік деп танылды


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Тарих факультетінің ұйымдастыруымен өткен ХV Республикалық студенттер олимпиадасына Абай университеті Тарих және құқық институтының профессоры Мереке Тулекованың жетекшілігімен «6В02204-Тарих» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты. Команда құрамында Әділет Марат, Хамза Амангелді, Ұлдана Жұмағұл және Дана Мейірғали болды.

 

Іс-шараның мақсаты - жоғары оқу орындары студенттерінің академиялық немесе кәсіби мансабын жалғастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және дарынды жастарды қолдауға бағытталған оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру. Олимпиада барысында студенттер таныстыру, ғылыми жобалар қорғау, капитандар сайысы мен тест сынақтары конкурстарынан өтті. Олимпиада нәтижесінде Абай атындағы КазНПУ-дың «Жерұйық» командасы «Үздік шығармашыл команда» номинациясына ие болды. Студенттер мен жетекші Мереке Тулекова алғыс хаттармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу