қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2023

Театр-жастарды мәдениетке тәрбиелейтін орын

 

Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының оқытушысы Қалдыгүл Таспулатова «Тарих-география» мамандығының 2 курс 201-ші эдвайзерлік тобымен бірге Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына барып, Қазақстанның белгілі актерларының сомдауымен комедиялық спектакльді тамашалады. Театр жастарды эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейтін аса маңызды мәдениет орны. Кез келген ұлттың салт-санасы, тіршілігі, әдет-ғұрпы, тағылымды тарихы болады. Білім беру үрдісі тәрбие жұмысымен қатар жүргенде ғана өз нәтижесін береді. Осы орайда студенттердің театрға барып, рухани дүниені байытатын құнды дүниені тамашалауы жоғары деңгейде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу