қазақша · русский · english
 
 
 
22.05.2023

Тарих және құқық институтының докторанты Түркияда ғылыми тағылымдамадан өтті

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Стамбул университетімен (Стамбул қаласы) жасалған келісімшарт негізінде Тарих және құқық институтының академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы «8D01601-Тарих педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасының 3-ші курс докторанты Хакім Айгерім «Парсы деректерінің тарихи-мәдени мұрасы және оның оқу үдерісінде қолдануы» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын зерттеу барысында шетелдік ғылыми жетекшісі Стамбул университетінің профессоры, доктор Муалла Уйду Южелдің шақыртуымен 2023 жылдың 17 сәуір - 19 мамыр аралығында бекітілген жоспар негізінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Шетелдік ғылыми жетекші Муалла Уйду Южелдің консультациялық іс-шаралары барысында докторанттың ғылыми жұмысының жоғарғы білім беру жүйесінде тарихи білім берудің маңызды сатыларын, ортағасырлық парсы дереккөздеріндегі қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасына қатысты деректерді қарастырып, оның оқу үдерісінде қолдану жолдары анықталды.

 

Докторант тағылымдама кезінде Стамбул қаласындағы тарихшы ғалымдармен және педагогтармен сұхбаттасып, кеңес алды. Стамбул университетінің кітапханасы, Баязит кітапханасы, Судеймания кітапханасы, Ислам зерттеулер орталығының (ISAM) кітапханасы, Ислам тарихын, өнерін және мәдениетін зерттеу орталығында (ИРСИКА) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулермен танысып, ақпарат жинастырды.

 

Хакім Айгерім Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығына ғылыми шетелдік тағылымдамаға баруға, әрі ғылыми докторлық диссертацияның жазылуына қажетті мәліметтерді жинауға және шетелдік ғылыми жетекшімен кездесіп, талқылау жүргізуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу