қазақша · русский · english
 
 
 
21.06.2023

Біздің студент жауынгерлік самбодан Азия және Тынық мұхиты аймағы елдерінің чемпионатында І орын алды

 

2023 жылғы 6-14 маусым аралығында Астана қаласында жауынгерлік самбо күресінен Жастар мен жасөспірімдер арасында Азия және Тынық мұхиты аймағы елдерінің чемпионаты өтті. Чемпионатқа 30 мемлекеттен келген 600-ге жуық спортшылар қатысты.

 

Азия және тынық мұхиты аймағы елдерінің чемпионатына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты «6В04202-Құқық» мамандығының 3 курс студенті Тамирлан Қабдрахманов қатысып, 79 келі салмақ дәрежесінде І орынды жеңіп алды.

 

Абай университетінің ректоры Дархан Біләлов Тамирланды жеңісімен құттықтап, спорттық мансабына жетістіктер тіледі! Абай университетінің арнайы сыйлықтарымен марапаттады.

 

Тамирлан Қабдрахманов Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының шешімімен, жауынгерлік самбо күресінен Жастар мен жасөспірімдер арасында алдағы уақытта өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болды. Тамирланға сәттілік тілейміз!

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу