Тарих және құқық факультеті |
04.09.2023
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» салтанатты мерекелік шарасы
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ №10 оқу ғимаратының конференция залында Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты салтанатты мерекелік шарасы өтті. Салтанатты мерекелік шараға институттың профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, 1-4 курс студенттері, ата-аналар мен қонақтар қатысты. Тарих және құқық институтының директоры Ғабит Кенжебаев мерекелік шараны аша отырып, 1 курс студенттерін университет пен институттың тарихымен, профессор-оқытушылар құрамымен танысырып өтті. Студенттерге жылы лебізін білдіре отырып, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. Құттықтау сөз ардагер ұстаздардың, кафедра меңгерушілерінің, студенттік басқару ұйым мүшелерінің тілектерімен жалғасты. Білім алушылар тек кәсіби білім мен дағдыларға қол жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар өздеріне табысты мансапқа жол ашады. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|