қазақша · русский · english
 
 
 
27.09.2023

«Жаңа заман университеттері - даму стратегиясы және жаңғырту тәжірибесі» конференциясы

 

2023 жылғы 26 қыркүйекте Абай университетінің Тарих және құқық институты «Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа заман университеттері - даму стратегиясы және жаңғырту тәжірибесі» тақырыбындағы ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықовтың 85 жыл толуына арналған «VI Садықов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

 

Мерейтойлық конференцияны өткізудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.С. Садықов шығармашылық мұрасын өзектендіру болып табылды.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ҚР ҰҒА академигі Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА академигі Ханкелді Абжанов, Тарих және құқық институтының директоры Ғабит Кенжебаев сонымен қатар еліміздің және шетелдің жетекші ғалымдары, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар қатысты. Атап айтар болсақ, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.М. Оразалин, Анкара университетінің Жалпы түркі тарихы кафедрасының меңгерушісі А.Гюндоғду, Израильдің Ариэль университетінің профессоры, Лос-Анджелестің геноцидтің озық зерттеулер орталығының мүшесі К.Феферман және тағы басқалары өз баяндамаларын жасады.

 

Конференция барысында Қазақстан, Түркия, Израиль, Өзбекстан, Қырғыстан және Ресей елдері ғалымдарының қатысуымен төмендегідей секция жұмыстары ұйымдастырылды:

1.Қазіргі жаһандық әлемнің сын-қатерлері контекстіндегі тарихи білім және ақпараттық технологиялар;

2.Әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу Жаңа Қазақстан өзекті саяси міндеті ретінде;

3.Экономика және құқық: қазіргі жағдайы және даму перспективалары;

4. ҚР ҰҒА Академигі Т.С. Садықов халықаралық бағыттағы мамандарды даярлаудағы сіңірген еңбегі.

 

Конференцияда тарих ғылымы саласындағы зерттеудің өзекті тақырыптары талқыланып, заманауи зерттеу бағыттарына шолу жасалды. Т.С. Садықовтың ғылыми мұралары жас зерттеушілер мен студенттер арасында насихатталып, қатысушылар арасындағы пікірталастар мен диалогтар конференцияның маңызды бөлігі болды.

 

Аталған ғылыми-практикалық конференция Қазақстан мен шетелдік ғалымдары мен зерттеушілеріне байланыс орнатуға, білім мен тәжірибе алмасуға және ынтымақтастық пен болашақ ғылыми жобалар жасауға мүмкіндік берді. Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу