қазақша · русский · english
 
 
 
16.10.2023

Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетіндегі тағылымдама


Академик Т.С.Садыков атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Светлана Белоус ТМД елдері педагогикалық университеттерінің жас оқытушыларының халықаралық конкурсының жеңімпазы ретінде Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінде «Педагогикалық бастаулар» тағылымдамасынан өтті. Тағылымдама 2023 жылдың 2-13 қазан аралығында «Жоғары және қосымша кәсіптік білім берудің педагогикасы мен психологиясы» қосымша біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша дәрістер және практикалық сабақтармен қоса өткізілді, сонымен қатар мәдени бағдарламаны қамтыды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу