қазақша · русский · english
 
 
 
16.10.2023

ҚР ҰҒА академигі Әбжанов Ханкелді Махмұтұлының туғанына 70 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

2023 жылдың 13 қазанында «Тарихтың қозғалысы және қазақстандық жол: кезеңдері, сабақтары мен болашағы» тақырыбындағы ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбжанов Ханкелді Махмұтұлының туғанына 70 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

 

Мерейтойлық конференцияны өткізудің негізгі мақсаты академик Х.М. Әбжановтың ғылыми шығармашылығы арқылы отандық тарихтың өзекті мәселелерін дүниежүзілік тарих контекстінде зерделеу, ұлттық тарихтың әлеуметтік және рухани аспектілерін, қазақ халқының тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің жаңғыруы жолындағы күресін, тарихтағы проблемалар мен жаңа ұстанымдарды айқындау, тарихи процестерді талқылау және қайта қорыту.

 

Конференция жұмысын Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бану Нарбекова ашты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі - Есқараев А.Н. өзінің видеоқұттықтауын жолдаса, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор - Қабылдинов З.Е., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты - Сүгірбаева Г.Д., ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы - Қойгелдиев М.Қ., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, доцент - Бекназаров Р.А., А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор - Ахметов Қ.Ә., Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы - Сәтбай Т.Я., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің деканы тарих ғылымдарының докторы, профессоры - Байғұнақов Д.С. және тағы басқалары өз баяндамаларын жасады.

 

Конференция барысында академик Ханкелді Махмұтұлының «Табалдырық», «Тағдыр», «Тұлға» кітаптарының тұсаукесер салтанаты өткізілді.

 

Конференцияда тарих ғылымы саласындағы зерттеудің өзекті тақырыптары талқыланып, заманауи зерттеу бағыттарына шолу жасалды. Академик Х.М.Әбжановтың ғылыми мұралары жас зерттеушілер мен студенттер арасында насихатталып, қатысушылар арасындағы пікірталастар мен диалогтар конференцияның маңызды бөлігі болды.

 

Аталған ғылыми-практикалық конференция ғалымдар мен зерттеушілеріне байланыс орнатуға, білім мен тәжірибе алмасуға және ынтымақтастық пен болашақ ғылыми жобалар жасауға мүмкіндік берді. Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өтілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу