қазақша · русский · english
 
 
 
17.10.2023

«Археология» курсы аясында ҚР Орталық мемлекеттік мұражайына экскурсия

 

2023 жылдың 2-14 қазаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы А.М.Идрисова «Археология», «Археология және алғашқы қоғам» курсы аясында «6В01606 - Тарих-география» (101, 102 топ), «6В01602 - Тарих-дінтану», «6В01610 - Тарих-қоғамтану» (103 топ) мамандықтарының 1 курс студенттеріне ҚР Орталық мемлекеттік мұражайына бірқатар экскурсиялар ұйымдастырды.


Студенттер арнайы гид қызметі арқылы Археологиялық көрме кешенінің тас ғасыры, қола, ерте темір және ғұн-сармат дәуірлері, орта ғасыр бөлімдерінен тұратын экспонаттармен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан аумағындағы жүргізілген археологиялық экспедициялар барысында табылған нысандарды өз көздерімен көрді. Сондай-ақ, мұнда Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», Қарғалы және Жалаулы қазыналарынан алынған көне алтын бұйымдар, көне қорымдар мен құрылыстардың реконструкциялары, ортағасырлық сәулет үлгілері, түрлі-түсті диадемалар сияқты аса құнды жәдігерлердің көшірмелері ұсынылған. Мұндай экскурсиялардың студенттердің бойында ұлттық сана сезімді оятуы, білімге, еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген құштарлықты арттыруы сөзсіз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу