қазақша · русский · english
 
 
 
31.10.2023

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің өкілдерімен кездесу

 

2023 жылдың 28 қазанында Алматыда, Абай университетінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің 19676691 АПН ҚР ҒЖБМ жобасы бойынша зерттеу тобының мүшелері мен университетіміздің Тарих және құқық институты өкілдерінің кездесуі өтті.

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің қызметкерлері, PhD философия докторы Г.С.Тапенова және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры С.Б. Глазунова «Заңтану» кафедрасының меңгерушісі Ж.Ю. Сайлибаева және кафедра доценті Г.Б. Мейрбековамен студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сапасы және тиімділігін арттыру міселелері, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлаудағы ынтымақтастық бағыттары талқылады.

 

Кездесу барысында әріптестер студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оның ішінде студенттердің пәнаралық жобаларын ұйымдастыру, ғылыми жарияланымдардың сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ студенттердің ғылыми жұмысқа қызығушылығын ынталандыру тетіктері бойынша тәжірибе алмасты. Кездесу барысында тәжірибе алмасу бойынша пікірталас қана емес, сонымен қатар университет жағдайларының студенттердің зерттеу қызметінің нәтижелілігіне әсерін зерттеу мақсатында институттың коворкинг-орталықтары мен институттың мамандандырылған аудиториялары бойынша экскурсия өтті.

 

  alt=  

 

 




Кері оралу