қазақша · русский · english
 
 
 
08.11.2023

Жас ақындар кеші

 

2023 жылдың 7 қарашасында Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер залында Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойы аясында Сырдың жас ақындарының Алматы қаласындағы Поэзия күндерінің қорытынды кеші өтті. Кешке Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының бір топ студенттері мен институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов пен «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Гакку Рахимова қатысып, жас ақындардың шығармаларынан әсер алып қайтты.

 

Кешке «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты Асылзат Арыстанбек, Республикалық жыр мүшайраларының жүлдегерлері Ұлықбек Тәңірберген, Биболат Сәтжан, Айдар Сайлауов, Аружан Оралбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Толқын Қабылша, Назгүл Бердіқожа, Олжас Сәндібек, Мөлдір Айтбай, Мақсат Дауылбай, Ақжол Түменбай сынды танымал жаңа толқын ақындармен бірге «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қатира Жаленова, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қаршыға Есімсейітова және Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары қатысып, ақындар өз шығармаларынан өлеңдерін оқыса, әншілер ақындардың сөзіне жазылған әндерді шырқады. Кеш өте тартымды, адам жанына әсерлі сипатта өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу