қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2023

Абай университеті докторанттарының Түркиядағы ғылыми тағылымдамасы

 

2023 жылдың 2 қазан-7 қарашасы аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасы «Әлеуметтану, саясаттану» білім беру бағдарламасының докторанттары Қырқымбекова А.Т., Нұрханова Б.Т., Тоқбергенов Ж.Д,. Жолдыбаева С.А., Жетпісбаев Е.С. және Ахметова А.Н. Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдаманың мақсаты - саясаттану-әлеуметтану ғылымдарын зерделеу, және аталмыш ғылымдардың өзекті мәселелерін шешуде тәжірибе жинақтау.

 

Анкарадағы Гази университеті (Gazi Üniversitesi) 1926 жылы құрылған, Түркияның ең беделді және ежелгі университеттерінің бірі. Университетте 4 ғылыми мектеп және 21 бөлім бар. Қазіргі уақытта Гази университеті 25 факультеттен тұрады, оның құрамына 18 ғылыми орталық кіреді.

 

Ғылыми тағылымдама барысында Абай университеті докторанттары ғылыми іс-шараларға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге белсенді қатысты, Гази университетінің Ғылыми кітапханасы, Анкара қаласының Ұлттық кітапханасы (milli kütüphane) мен Президенттік кітапханасының (Cumhurbaşkanlığı Millet Kütüphanesi) ресурстарымен жұмыс жүргізілді.

 

11-14 қазан аралығында Гази университетінде Түркия мемлекетінің 100-жылдығына арналған халықаралық «21 Uluslararası Türk Dunyası» әлеуметтік ғылымдар конгресіне докторанттар белсенді атсалысып, диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми материалдар жиналды.

 

Сондай-ақ, докторанттар 2023 жылғы 17 қазанда Гази университетінде әлеуметтік ғылымдар кафедрасында дөңгелек үстелдер өткізді, онда қазіргі таңдағы жалпы саяси-әлеуметтік ахуал бойынша ғылыми зерттеулер таныстырылып, әлеуметтік сауалнаманы AI (жасанды интеллект) көмегімен жүзеге асыратын «Poll the People» платформасы ұсынылды. «Poll the People» платформасы арқылы жасанды интеллект сауалнама жауаптарын талдап қана қоймай, қолданушыларына сауалнама жауаптарына сәйкес кесте және диаграммаларды да ұсына алады.

 

Тағылымдама соңында докторанттарға Гази университетінің атынан сертификаттар табысталды.

 

Тағылымдама барысында ғылыми кеңесшілерден, Гази университетінің профессорларынан пайдалы ақпарат пен құнды кеңестер алынды. Докторанттар Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығына, ғылыми кеңесші, профессор Бейхан Забунға және Гази университетінің профессорларына алғыстарын білдіреді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу