Тарих және құқық факультеті |
15.11.2023
«Батыс Қазақстанның әскери тарихының өзекті мәселелері» дөңгелек үстелі
2023 жылдың 14 қaрашасында Aбaй университеті Тарих және құқық институтында (ЖТН AР19679667) «Қазақстанның батыс өңірінің әскери тарихы (XVIII-XX ғғ.)» ғылыми-зерттеу жобaсын жүзеге aсыру aясындa «Батыс Қазақстанның әскери тарихының өзекті мәселелері» тaқырыбындa республикaлық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Aбaй aтындaғы ҚaзҰПУ, Тарих және құқық институтының және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылары қатысып, баяндамалар жасады.
Дөңгелек үстелді Тарих және құқық институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Ғабит Кенжебаев ашты. Дөңгелек үстелдің модераторы, жоба жетекшісі, университет профессоры Болат Жұмағұлов жобаның мақсаты, алдарына қойып отырған міндеттері мен маңызына тоқталды.
Жобаның жұмыс тобының мүшелері Ермұқанов Еркін «Қазақ ССР әскери комиссариаты» қорындағы Батыс Қазақстан әскери тарихының проблемалары», Саркенова Клара «Екінші дүниежүзілік соғыс мәселесі - Атырау облысының архив құжаттарында», Рахметолла Закарья «Қазақ хандығы әскерінің қару-жарағы» туралы айтса, ал Атыраулық тарихшылар Алдар Сәрсенов «Қазақтың қаһарман батыр қыздары», Серік Қуаныш «Қазақстанның батыс өңіріндегі ұлт-азаттық көтерілістің зерттелуі (XIX-XX ғ.басы), Лесқали Бердіғожин «Гурьев уезінің XVII ғасырдағы тарихы» тақырыбында баяндама жасады. Іс-шараға қатысушылар өз баяндамаларында өңірге қатысты проблемалар мен перспективаларға назар аудартты. Дөңгелек үстел пікір алмасу және топтық суретке түсумен аяқталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|